Презентация на тему: 2 дәріс Жақыпбекова С.С

№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Дәрістің жоспары
Ферменттер
Ферменттердің құрылысы туралы түсінік.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Активті орталық (АО)
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Активті орталық (АО)
Изоферменттер
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Лактатдегидрогеназа
Катализдейтін реакциясы
Изоферменттердің диагностикалық маңызы
Ферменттердің әсер ету механизмінің сатылары
Ферменттердің әсер ету механизмінің сатылары
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Ферменттердің жіктелуі
К ейбір ферменттердің диагностикалық маңызы.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Аминотрансферазалар
Катализдейтін реакциялары
Трансаминазалардың диагностикалық маңызы
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Фосфотрансферазалар
Креатинфосфокиназа
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Гидролазалардың медицинада қолданылуы
№2 дәріс Жақыпбекова С.С.
Сұрақтар
1/35
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 44)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (458 Кб)
1

Первый слайд презентации: 2 дәріс Жақыпбекова С.С

Ф е р м е н т т е р. Түсінік. Жіктелуі. Ферменттердің диагностикалық маңызы.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Дәрістің жоспары

Ферменттер. Құрылысы туралы түсінік. Әсер ету механизмі. Жіктелуі. Ферменттердің активтілігін анықтаудың диагностикалық маңызы. Медицинада қолданылуы.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Ферменттер

Ағзадағы барлық химиялық реакциялардың жылдамдығын, бағытын және сипатын реттеп отыратын биологиялық катализаторлар. Ферменттер табиғаты жағынан белоктар болып табылады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Ферменттердің құрылысы туралы түсінік

Ферменттер –жәй белоктар- бір компонентті. Ферменттер-күрделі бел-р - екі компонентті (холоферменттер) : жәй белок- апофермент, простетикалық тобы кофермент деп аталады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Апофермент -субстраттық, ал кофермент катализдік арнайылығын анықтайды. Коферменттер құрамына витаминдер, металлдар кіреді.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Активті орталық (АО)

Ферменттерде активті орталығы бар. Ол субстратпен байланысатын және оны катализдейтін шектелген аймағы. АО субстраттық және катализдік аймақтардан тұрады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Активті орталық амин қышқылдарының функционалды топтарынан (СООН, N Н 2, ОН, S Н, гуанидин тобы, т.б.) тұрады.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Активті орталық (АО)

Изображение слайда
9

Слайд 9: Изоферменттер

Бір ферменттің молекулалық түрлері. Олардың бір-бірінен айырмашылығы: бірінші реттік құрылымы және электрофорез кезіндегі жылжу жылдамдығы әртүрлі ; органотроптық қасиетке ие. Ұқсастықтары: белгілі бір субстратқа әсер етеді ; коферменттері ұқсас болады,

Изображение слайда
10

Слайд 10

сондықтан бір реакция түрін катализдейді, ұқсас реакция өнімін түзеді. Мысалы, лактатдегидрогеназа (ЛДГ) Оның 5 изоферменті бар. ЛДГ1 4Н тізбектерден тұрады - жүрек ЛДГ2 3Н1М – жүрек, бүйрек ЛДГ3 2Н2М - өкпе, ми ЛДГ4 1Н3М – бауыр ЛДГ5 4М – бауыр, бұлшық ет

Изображение слайда
11

Слайд 11: Лактатдегидрогеназа

Изображение слайда
12

Слайд 12: Катализдейтін реакциясы

Изображение слайда
13

Слайд 13: Изоферменттердің диагностикалық маңызы

Инфаркт болғанда 12-24 сағат өткеннен кейін қандағы ЛДГ-ның активтілігінің жоғарлауы басталады, 48-72 сағаттан кейін максимумға жетеді, 7-12 күн жоғарлауы байқалады. Гепатит кезінде ЛДГ 4,5 жоғарлайды, нефрит кезінде - ЛДГ 2.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Ферменттердің әсер ету механизмінің сатылары

І сатысы- фермент-субстратты комплекстің түзілуі. ІІ – фермент-реакция өнімі комплексінің түзілуі. ІІІ – фермент-реакция өнімі комплексінің ыдырауы. Реакция өнімінің бөлініп шығуы.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Ферменттердің әсер ету механизмінің сатылары

Изображение слайда
16

Слайд 16

І сатысында – фермент пен субстрат әлсіз байланыстармен (иондық, гидрофобтық, сутектік) байланысады. Олар үш нүктеде байланысады. ІІ сатысында- фермент субстраттың активтену энергиясын төмендетеді. Субстраттың құрамындағы байланыстар деформацияланады, әлсірейді, үзіледі.

Изображение слайда
17

Слайд 17

ІІІ сатыда – реакция өнімі активті орталықтан бөлініп шығады, себебі, оның активтік орталыққа сәйкестігі төмен болады.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Ферменттердің жіктелуі

І класс - Оксидоредуктазалар ІІ класс - Трансферазалар ІІІ класс - Гидролазалар І V класс - Лиазалар V класс - Изомеразалар VI класс - Лигазалар (синтетазалар)

Изображение слайда
19

Слайд 19: К ейбір ферменттердің диагностикалық маңызы

Қалыпты жағдайда қан сары суында жасушаішілік ферменттердің активтілігі өте томен болады. Жасушалар ыдырағанда ферменттер қанға бөлініп шығады. Осындай ферменттерді индикаторлық деп атайды. Себебі, олар белгілі бір мүшенің немесе тінінің зақымдануын көрсетеді.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Альфа-амилазаның қалыпты жағдайдағы активтілігі : қан сары суында 25-220 ХБ/л; зәрде 10-490 ХБ/л ( ХБ-халықаралық бірлігі / литрде ). Бұл ферменттің активтілігінің жоғарлауы жиі ұйқы безінің ( жедел панкреатит ), сирек сілекей бездерінің зақымдануымен байланысты болады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Қан сары суының альдолазасының активтілігі 1-7,5 Бірлігі /л (0,0038-0,020мкМ/мин•мл). Қан сары суының альдолазасының (фруктозо-1,6-дифосфатазаның) активтілігі негізінен қаңқа бұлшық еттерінің аурулары (бұлшық еттік дистрофия) кезінде жоғарылайды.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Сілтілі фосфатаза көп тіндерде: ішектің кілегей қабатында, остеоблаттарда, өт шығаратын жолдарының қабырғасында, плацентада (бала жолдасы) және лактация жүріп жатқан сүт бездерінде кездеседі. Бұл фермент органикалық қосылыстардан фосфаттарды бөліп шығаруын катализдейді, “сілтілі” деп аталады, себебі, оның оптималды рН сілтілі ортада (рН 8,6-10,1) жатады.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Сілтілі фосфатазаның активтілігі холестаз (өт түріп қалғанда), немесе механикалық сарғыштануда, және сүйек ауруларында жоғарылайды. Қышқыл фосфатазаның активтілігі қалыпты жағдайда 0-6,5 ХБ/л тең болады. Бұл фермент әртүрлі мүшелерде және тіндерде кездеседі, әсіресе бауырда, сүйекте, бүйректе, простатада (қуық асты безі), қан жасушаларында өте көп болады.

Изображение слайда
24

Слайд 24

Қышқыл фосфатазаның активтілігі негізінен Педжет ауруы (сүйек ауруы) кезінде және простатаның қатерлі ісігі кезінде жоғарылайды.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Гамма-глутамилтранспептидаза (ГГТ) γ -глутамил қалдығының амин қышқылға тасымалдануын катализдейді. Бұл фермент АҚ-ның біріншілік зәрден бүйрек түтікшелерінің жасушаларына реабсорбциялануына қатысады. ГГТ бауырда, бүйректе, ұйқы безінде көп мөлшерде болады. Бұл фермент ұйқы безінің қатерлі ісігінің, холестаздың және бүйрек зақымдануының маркері деп есептеледі. Ішімдікке салынған адамдардың қанында.

Изображение слайда
26

Слайд 26: Аминотрансферазалар

Изображение слайда
27

Слайд 27: Катализдейтін реакциялары

Ала + α -кетоглутар қ-лы ПЖҚ+глутамат Фермент- АЛТ. Асп+ α -кетоглутар қ-лы ҚСҚ+глутамат Фермент- АСТ. Бұл реакцияларда алмастырылатын АҚ-дар түзіледі.

Изображение слайда
28

Слайд 28: Трансаминазалардың диагностикалық маңызы

АСТ-ның –жүректе, ал АЛТ-ның активтілігі бауырда өте жоғары болады. Клиникада АСТ мен АЛТ-ның активтілігі мен АСТ/АЛТ арақатынасы “де Ритис коэффициенті” деген зерттеледі. Жүрек инфаркті кезінде қандағы АСТ активтілігі 8-10 есе, АЛТ-ның - 1,5-2 есе жоғарылайды. “Де Ритис коэффициенті” күрт жоғарылайды.

Изображение слайда
29

Слайд 29

Гепатит кезінде қандағы АЛТ активтілігі 8-10 есе, АСТ-ның- 4-6 есе жоғарылайды. АСТ/АЛТ арақатынасы 0,6 дейн төмендейді. Қалыпты жағдайда ол 1,33 + 0,42 тең болады.

Изображение слайда
30

Слайд 30: Фосфотрансферазалар

Фосфор қ-ның қалдықтарын тасымалдайды. Фосфотрансферазалар (киназалар): 1. Біркомпонентті ферменттер. 2. Бірнеше суббірліктен тұрады. 4-ші реттік құрылымы бар. 3. Аллостерикалық орталығы бар. 4.Олардың активаторы - магний ионы. Фосфор қ-ның доноры (көзі) - АТФ.

Изображение слайда
31

Слайд 31: Креатинфосфокиназа

Изображение слайда
32

Слайд 32

Креатинфосфокиназаның (КФК) диагностикалық маңызы: жүрек инфаркты кезінде қандағы КФК-ның және оның МВ фракциясының активтілігі жоғарылайды. КФК (ВВ) – мида КФК (ММ) – қаңқа бұлшық еттерде болады.

Изображение слайда
33

Слайд 33: Гидролазалардың медицинада қолданылуы

Пепсин- ахилияда, гипо- және анацидті гастритте қолданылады. Ұйқы безінің ферменттерінің тапшылығы кезінде ұйқы безінің негізгі ферменттері бар препараттар (фестал, энзистал, мезим-форте) қолданылады. Трипсин, химотрипсин ірінді жараларды өндеу үшін (өлген жасушалардың белоктарын ыдыратуға) пайдаланылады.

Изображение слайда
34

Слайд 34

Ферменттік препараттарды (фибринолизин, стрептолиаза, урокиназа) тромбоздар, тромбоэмболиялар кезінде тромбтарды ыдырату үшін қолданылады.

Изображение слайда
35

Последний слайд презентации: 2 дәріс Жақыпбекова С.С: Сұрақтар

Холофермент деген не? Кофермент құрамына не кіреді? Қандай ферменттердің активтілігі жүрек инфаркты кезінде жоғарылайды? Қандай ферменттердің активтілігі гепатит кезінде жоғарылайды? Қандай мақсатпен ұйқы безінің ферменттері бар препараттар қолданылады?

Изображение слайда