Первый слайд презентации: 2 дәріс МӘДЕНИЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ, ФУНКЦИЯСЫ
Лектор: филос.ғ.к, асс. проф. НҰРАДИН ГҮЛХАН БОЛАТҚЫЗЫ 1 модуль. МӘДЕНИЕТ ТЕОРИЯСЫ. ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Слайд 2: Дәріс сұрақтары
Мәдениет туралы дағдылы түсініктер мен түрлі ғылыми көзқарастар. Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы. Мәдениет құрлымы: материалдық және рухани мәдениет. Мақсаты: мәдениеттанудың қалыптасу тарихын және құрылымын талқылау арқылы топталған ғылыми көзқарастарды ұғыну. Міндеттері: мәдениет тарихына шолу жасау, құрылымын талдау арқылы оның ғылым болып қалыптасуын бекіту.
Слайд 4: Прежазба-сауалнама (2 минут)
АТЫ-ЖӨНІҢДІ, ТОБЫҢДЫ ЖАЗ! 1 Магия, фетешизм, тотемизм, а нимизм және табу терминдерінің нешеуін білесің, санын жаз! 2 Роззак, Тайлор, Кант, Флоренский мәдениет туралы теориясымен таныссың ба? иә жоқ 3 Шпенглер, Тойнби, Данилевский, Леви Стросс, З.Фрейд, Кассирер, Вебер есімдерінің нешеуі таныс, санын жаз! 4 Сен үшін қажеттілік деген не? Қысқа, әрі н ақты ойыңды жаз!
Слайд 5
Ежелгі адам әлемді рухани тұрғыда игерді, ол араманшыл болды, әр нәрсенің себебін іздеді, көргендерін өзі жасауға ұмтылды, сондықтанда ол жасаушы болды. Оларды әдепкіде әртүрлі мистикалық құбылыстар таң қалдырды да, қоршаған ортаның құпияларын игеруге шақырды. Ол құпияларды тану үшін олар еңбек құралдарын жасады, сосын тамақ пісіруге отты пайдаланды, онан соң жұлдыздарға қарап, бағдар жасады, оларға табынды, онан соң жабайы жануарларды қолға үйретті, жерді игерді, ақырында, табиғатты түгел бағындырды. Американдық мәдениеттанушы Т.Роззак пікірінше, мәдениеттің пайда болуына ықпал еткен
Слайд 6: Осы аралықтың бәрінде олармен бірге магия, фетешизм, тотемизм, анимизм және табу қатар жүрді. Бұлардың барлығын бір сөзбен мифология деп атайды
Слайд 7: Л.Мамфорд: адам дамуындағы еңбек-құралдарының дамуын мәдени жетістікке жатқызуға болмайды
Себебі олар құралдарды ағаштан, тастан жасады, ол бір аса керемет ойды қажет етпейді. Тек адам ғана емес, басқа да биологиялық түрлер одан да керемет құрылғылар жасаған жоқ па? Мәселен құндыздар бекіністер соғады, өрмекшілер өрмектерін тамаша етіп қиыстырып тоқиды, құмырсқалар илеу соғады, аралар теңдесі жоқ симметриялық ұясы т.б. Салыстыра қарасақ, олар адамдарға қарағанда өте жақсы құрастырушылар.
Слайд 10: ДЕМОКРИТ : дамудың басты күші – ҚАЖЕТТІЛІК
Мәдениет дамуында маңызды рөлдің бірі қажеттілікке бұйырған. Қажеттілік – бір-нәрсені қалау, сол қалауды қанағаттандыруға деген адамның құлшынысын анықтайтын күй. Қажеттілік адамды белгілі бір әрекет етуге итермелейді.
Последний слайд презентации: 2 дәріс МӘДЕНИЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ, ФУНКЦИЯСЫ: Постжазба-сауалнама (2 минут)
АТЫ-ЖӨНІҢДІ, ТОБЫҢДЫ ЖАЗ! 1 Магия, фетешизм, тотемизм, а нимизм және табу терминдерінің нешеуін білесің, санын жаз! 2 Роззак, Тайлор, Кант, Флоренский мәдениет туралы теориясымен таныссың ба? иә жоқ 3 Шпенглер, Тойнби, Данилевский, Леви Стросс, З.Фрейд, Кассирер, Вебер есімдерінің нешеуі таныс, санын жаз! 4 Сабақтың мақсатына қол жеткізе алдың ба? иә жоқ