Презентация на тему: 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен

№ 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен құстардың жалпы сипаттамасы.
Кіріспе
№ 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен
Ақбөкендерге сипаттама
№ 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен
№ 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен
Қояндар
№ 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен
№ 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен
ЕЛІК
Ұсынылатын әдебиеттер
1/11
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 27)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (243 Кб)
1

Первый слайд презентации: 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен құстардың жалпы сипаттамасы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Кіріспе

ТМД елдерінде сүтқоректілердің 300 түрі (оның ішінде 130 кәсіби жануарлар) құстың 700 түрі (оның ішінде 200 кәсіби ауланаттын бар). Бұл жануарлар әлемі қоғам үшін таптырмайтын құндылық. Олар азық-тулік өнімдері, тері, бағалы аң және т.б. шикі заттардың қайнар көзі болады. Қазақстанда көптеген кәсіби ауланатын жануарларды пайданалады, олардың көбісі тағам ретінде пайдаланылады (бұлан, елік, бұғы, марал, ақ бөкен, қарақұйрық, тау және дала ешкілері, жабайы қабан, қоян). Құстардың ішіндегі еңмаңыздысы тауық отрядынан (қырғауыл, құр тұқымдастары). Бұған құр, саңырау құр, кіл, қырғаыул, бөдене, қаабауыр шіл және т.б.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Суда жүзетін құстар ішінен ең көп таралғаны шаруа, оның ішінде тағам ретінде пайдаланылатын ет және ет өнімдеріне ветсансараптау жүргізу, үй жануарларының ет өнімдерін тексеруден айырмашылығы бар және кейбір қиындықтар туғызады. Себебі, сояр алдындағы ветсансараптау жұмысын жүргізуге мүмкіндік болмайтындықтан, осы қажетті тексеру жұмысы есепке болмайды. Аншылықпен ауланған тағы жануарлады соя қалған жағдайда оларға диагноз қою мен ветсансараптау жұмысян жүргізуге қиндық тудуырыды.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Ақбөкендерге сипаттама

Киік ( лат Saiga tatarica ) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы « Құралайдың салқыны » деп атайды.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қояндар

Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады; Құм қоян– қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады. Ор қоян– қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, облыстарында таралған., далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 – 9 көжектен табады. Қояндар көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Олар еті, терісі үшін ауланады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Бұғылар, бітеумүйізділер ( лат.   Cervidae ) —  жұптұяқтылар  отрядына жататын  жануарлар  тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді:  құдырлар ;  мунтжактар ;  су бұғылары ;  нағыз бұғылар ;  Америка бұғылары. Бұғы  Азия,  Еуропа,  Америка  және  Солтүстік Африкада  тараған. Қазақстанда  бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі ( құдыр,  елік,  марал,  бұлан )  Алматы,  Солтүстік Қазақстан,  Шығыс Қазақстан,  Ақмола  облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында  мүйіз  тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі.  Ағаш,  бұта  жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді,  қынаны,  мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр – шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл  бұғы  мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: ЕЛІК

Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс бөлігіндегі және Тянь-Шаньнан Алтайға дейінгі тау етегіндегі орман, тоғайларда кездесетін сымбатты жануарлардың бірі - елік. Мүйізі тармақталып келген, қазан - қараша айларында түсіп, сәуір айында жаңадан мүйіз шығады. Ұрғашысында мүйіз сирек кездеседі. Мекендейтін қоныстарында елік түнде жайылып, күндіз орман арасына жасырынады. Қыс айларында 5-10-нан топтасып жүреді. Өсімтал жануар, көбіне егіз, кейде үш-үштен мамыр - маусым айларында лақтайды. Еліктің лағы құралай деп аталады. Құралайдың түсі теңбіл-теңбіл болып келеді, бірақ мұнысы үш-төрт айдан кейін жойылып кетеді. Еліктер 11-12, кейде 16 жылға дейін өмір сүреді

Изображение слайда
11

Последний слайд презентации: 1-2 Дәріс Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін кәсіби ауланатын жануарлар мен: Ұсынылатын әдебиеттер

В.В. Власенко. В.П. Фролов « Частная ветеринарно-санитарная экспертиза мяса диких промысловых животных» ( пособие). Куйбышев, 1987 г. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов, их стандартизация и сертификация. Т. 1,2,3. Издательство « CREDOS ». Алматы 2008 г., под редакцией Н.Ф.Шуклина. М.Ф.Боровков, В.П.Фролов, С.А. Серко « Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства». Издательство «Лань», Санкт-Петербург – Москва, Краснодар, 2007г.

Изображение слайда